
ЖАСТАР
Жас қаламгер
«JAS QALAMGER 2026» жобасы «JAS QALAMGER 2026» – Маңғыстау облысындағы жас ақындар мен жазушыларды қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өңірлік әдебиеттің жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жоба. Жоба Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының (ЦПГИ) гранттық қолдауымен және «Көмек командасы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.
Мақсат
Жобаның мақсаты
Жас қаламгерлердің әдеби шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіби жазушылық дағдыларын жетілдіру, шығармаларын баспа және цифрлық форматта кеңінен насихаттау, оқырманмен тұрақты байланыс орнату және Маңғыстау облысында заманауи әрі тұрақты әдеби қауымдастық қалыптастыру арқылы өңірлік әдебиеттің жаңа буынын дамыту.
Мәселе
Қандай мәселені шешеді
Қазіргі таңда өңірде талантты жас қаламгерлер аз емес. Дегенмен олардың шығармаларын кәсіби редакциялау, кітап ретінде басып шығару, оқырманмен тікелей кездесу ұйымдастыру және шығармаларын кең аудиторияға таныстыру мүмкіндіктері шектеулі. Осыған байланысты жоба жас авторларға кәсіби қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және әдеби ортада өз орнын табуына жағдай жасауға бағытталған.
Іс-шаралар
Не істейміз
Белгілі ақындар мен жазушылардың қатысуымен Writers Room форматындағы 3 шеберлік сабағы
Ақтау және Жаңаөзен қалаларында өтетін 2 әдеби-музыкалық Open Mic / Spoken Word кеші
3 жас автордың кітаптарын кәсіби редакциялау, дизайн жасау, ISBN рәсімдеу және басып шығару
Кітаптардың тұсаукесері өтетін қорытынды әдеби форум
Өңірлік кітапханаларға 450 дана кітап табыстау
Instagram және TikTok желілерінде Digital PR науқаны
#JasQalamger2026 республикалық әдеби челленджі
Жас авторларға арналған тұрақты онлайн әдеби клубтың жұмысы
Фотогалерея
Жоба сәттері




Нәтижелер
Не өзгерді
- Жас қаламгерлердің шығармашылық белсенділігі артты
- Жаңа таланттарды қолдау ортасы қалыптасты
- Әдебиетті насихаттау бойынша іс-шаралар өткізілді
Ықпал
Жас қаламгерлер өз өнеріне деген сенімдерін нығайтып, шығармашылық қоғамдастықтың бір бөлігіне айналды.
Серіктестер
Бізбен бірге
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
Маңғыстау облысының жазушылар одағы
Құжаттар
Жүктеп алу
Әзірше құжаттар қосылмаған.
Байланыс
Жоба туралы
Серіктестік немесе қатысу туралы сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз.
Басқа жобалар


