Жаңалықтарға оралу
Жас қаламгер, әдебиет, шығармашылық, автор, әдеби орта, әлеуметтік желі, жариялау24 тамыз 2026

Жас қаламгерлер шығармасын оқырманға таныстыру жолдарын үйренді

Төртінші онлайн кездесуде жас авторларға шығарманы жариялау, әлеуметтік желіде таныстыру және жеке шығармашылық имидж қалыптастыру тәсілдері түсіндіріледі.

Жас қаламгерлер шығармасын оқырманға таныстыру жолдарын үйренді
Онлайн кездесу барысында жас қаламгерлерге шығарманы жазумен қатар, оны оқырманға дұрыс жеткізу және таныстырудың маңызы түсіндіріледі. Талқылау кезінде қазіргі жас автордың әдеби ортадағы орны, шығарманы жариялау мүмкіндіктері және оқырман аудиториясымен байланыс орнату жолдары қарастырылады. Қатысушыларға өлең немесе прозалық шығарманы оқырманға қызықты әрі түсінікті етіп таныстыру, шығармаға қысқа аннотация жазу және әлеуметтік желілерде авторлық парақша жүргізу тәсілдері ұсынылады. Сонымен қатар жас автордың жеке шығармашылық стилі мен имиджін қалыптастыру мәселесіне назар аударылады. Автордың әлеуметтік желідегі өзін таныстыруы, шығармашылық бағытын жүйелі көрсетуі және оқырманмен тұрақты байланыс орнатуы туралы пікір алмасу жоспарланған. Кездесу барысында шығарманы жариялаудың түрлі жолдары да қарастырылады. Қатысушылар әдеби платформалар, әлеуметтік желілер және басқа да ақпараттық алаңдар арқылы өз туындыларын оқырманға ұсыну мүмкіндіктерімен танысады.