Жаңалықтарға оралу
18 тамыз 2026

Жас авторларға шығарманы оқырманға жеткізудің жолдары көрсетіледі

Маңғыстау облысында жас авторлардың шығармашылық қабілетін дамытуға, әдеби мәтінмен кәсіби жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға және шығармаларын көпшілікке таныстыру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған «JAS QALAMGER» жобасы аясында үш шеберлік сағаты өтеді.

Жас авторларға шығарманы оқырманға жеткізудің жолдары көрсетіледі
кінші шеберлік сағаты — «Мәтінді жетілдіру: редакциялау, стиль және авторлық тіл». Екінші шеберлік сағатының басты назар дайын мәтінді редакциялауға, композицияны жетілдіруге, тіл мәдениетіне және авторлық стильді қалыптастыруға аударылады. Жас авторлар өз шығармаларымен практикалық түрде жұмыс істеп, артық сөздер мен сөйлемдерді анықтау, мәтіннің логикалық байланысын күшейту, композициялық құрылымды жақсарту және тілдік қателерді түзету тәсілдерін үйренеді. Writers Room форматында қатысушылар бір-бірінің мәтіндерін тыңдап, пікір алмасады. Менторлық редакция барысында нақты шығармалар талданып, мәтінді қайта өңдеу жолдары көрсетіледі. Шеберлік сағатын ақын, журналист, ҚР Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі — Әнуар Бимағанбет жүргізеді.