18 тамыз 2026
Жаңаөзен қаласында «Сөз. Сахна. Шабыт» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас авторларды көпшілікке таныстыру, олардың шығармашылық әлеуетін қолдау және авторлық туындыларын сахнада еркін орындауына мүмкіндік беру.

Кеш Open Mic / Spoken Word форматында ұйымдастырылған әдеби кештің спикері Мүшәйрада ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Маңғыстау облысы Жазушылар одағының төрайымы Анар Шамшадинова болды.
Шара жас қаламгерлер өздерінің өлең, эссе, әңгіме, монолог және басқа да авторлық шығармаларын көпшілік назарына ұсынды. Қатысушылар шығармашылық жолы, алғашқы туындылары мен әдебиетке деген қызығушылығы туралы ой бөлісті.
Кеш барысында көрермендер спикерге сұрақ қойып, шығармашылық ізденістері мен алдағы жоспарлары туралы пікір алмасты. «Еркін микрофон» бөлімінде қатысушылар мен көрермендерге өз шығармаларын ұсынуға мүмкіндік берілді.
Мұндай шығармашылық алаңдар жас қаламгерлердің көпшілік алдында сөйлеу, сахна мәдениетін меңгеру және өз ойын көркем жеткізу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Жоба «Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Көмек командасы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен іске асырылуда.