Жаңалықтарға оралу
23 қазан 2026

📚 ЖАҢА КІТАП: ҚАЛМҰРАТ МАМЫРҰЛЫ — «ЖАН ҚАЛАУЫ»

📚 ЖАҢА КІТАП: ҚАЛМҰРАТ МАМЫРҰЛЫ — «ЖАН ҚАЛАУЫ»
Жас ақын Қалмұрат Мамырұлының «Жан қалауы» атты кітабы жарық көрді! Поэзия — жүректің үні, көңілдің көрінісі, жанның ішкі әлемін сөз арқылы жеткізетін ерекше өнер. Жас ақынның жаңа кітабы — оның шығармашылық ізденісінің нәтижесі әрі оқырманға ұсынған рухани сыйы. Кітаптың жарық көруі Қалмұрат Мамырұлының әдеби жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Жас қаламгердің өлеңдері оқырманға ой салып, жүрекке жылу сыйлап, әдебиет сүйер қауымның ықыласына бөленсін! Қалмұрат Мамырұлына шабыт, шығармашылық табыс және қаламына қуат тілейміз! ✨ 📖 «Жан қалауы» — оқырманға жол тартқан жаңа кітап! «JAS QALAMGER» жобасы Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен және «Көмек командасы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. #JasQalamger #ҚалмұратМамырұлы #ЖанҚалауы #ЖасҚаламгер #ҚазақПоэзиясы ЖаңаКітап Маңғыстау