Жаңалықтарға оралу
23 қазан 2026

📚 ЖАҢА КІТАП: НАҒИМА НҰРДАУЛЕТОВА — «НАҚЫШ. ЖЕЛКЕНДІ ЖЫРЛАР»

📚 ЖАҢА КІТАП: НАҒИМА НҰРДАУЛЕТОВА — «НАҚЫШ. ЖЕЛКЕНДІ ЖЫРЛАР»
Жас ақын Нағима Нұрдаулетованың «Нақыш. Желкенді жырлар» атты кітабы жарық көрді! Әдебиет әлеміне өзіндік үнімен қадам басқан жас қаламгер үшін алғашқы кітаптың оқырманға ұсынылуы — ерекше қуаныш әрі үлкен жауапкершілік. Бұл — шығармашылық ізденістің, сөз өнеріне деген сүйіспеншіліктің және әдеби жолға деген талпыныстың жемісі. «Нақыш. Желкенді жырлар» кітабы Нағиманың шығармашылық әлемімен танысуға мүмкіндік беріп, оқырманға жаңа әсер сыйласын! Жас ақынға шабыт, қаламына қуат, шығармашылығына толағай табыс тілейміз! Әдебиеттегі өз үні айқындалып, жырлары көпшілік жүрегіне жол тапсын! ✨ 📖 Жаңа кітап құтты болсын! «JAS QALAMGER» жобасы Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен және «Көмек командасы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. #JasQalamger #НағимаНұрдаулетова #НақышЖелкендіЖырлар #ЖасҚаламгер #ҚазақӘдебиеті ҚазақПоэзиясы ЖаңаКітап Маңғыстау