Жаңалықтарға оралу
19 тамыз 2026

#JASQALAMGERCLUB. Жас қаламгерлер шығарманы талдау және конструктивті пікір білдіруді үйренді

Жас қаламгерлерге арналған онлайн әдеби клубтың үшінші кездесуінде «Мәтінді бірге оқимыз: авторға пікір қалай берілуі керек?» тақырыбы талқыланады. Кездесудің негізгі мақсаты — шығарманы талдау мәдениетін қалыптастырып, авторға мәтінді дамытуға көмектесетін конструктивті кері байланыс беруді үйрету.

#JASQALAMGERCLUB. Жас қаламгерлер шығарманы талдау және конструктивті пікір білдіруді үйренді
Онлайн кездесуде қатысушылар әдеби шығарманы талдаудың негізгі тәсілдерімен танысып, авторға пікір білдіру мәдениетін талқылайды. Кездесу барысында шығарманы талдау неден басталатыны, кәсіби сын мен орынсыз сынның айырмашылығы және авторға пікір білдіру кезінде қандай қағидаларды сақтау қажет екені қарастырылады. Қатысушылар шығарманың мықты және әлсіз тұстарын анықтау, тақырыптың ашылуы, композиция, тіл мен стиль ерекшеліктеріне назар аудару тәсілдерін үйренеді. Сондай-ақ талқылау барысында «Бұл мәтінді қалай жақсартуға болады?» деген негізгі сұраққа жауап ізделеді. Яғни пікір білдірудің мақсаты шығарманы немесе авторды сынау емес, мәтінді одан әрі дамытуға нақты бағыт ұсыну екеніне назар аударылады.