24 қазан 2026
🏆 #JasQalamgerChallenge қорытындысы жарияланды!

«Ақтау – арман қала» тақырыбындағы #JasQalamgerChallenge әдеби челленджінің жеңімпаздары анықталды! 📚✨
Челленджге қатысып, өз шығармашылығын ортаға салған барлық қатысушыға алғыс білдіреміз! Ақтауға деген сүйіспеншілігін өлеңмен, прозамен және бейнеролик арқылы жеткізген әрбір қатысушының еңбегі біз үшін маңызды.
📣 ЖЕҢІМПАЗДАР:
🥇 I орын — Исамадин Назгүл
🥈 II орын — Сансызбай Ақбота
🥉 III орын — Жұмасат Ақниет
❤️ «Оқырмандар көзайымы» — Төлеген Нұрсая
🎁 «Ынталандыру сыйлығы» — Новруз Алижан
Әділқазылар алқасы шығармалардың мазмұны мен көркемдік деңгейін, қатысу талаптарына сәйкестігін және басқа да маңызды өлшемдерді ескере отырып, қорытынды шешім қабылдады. Әлеуметтік желідегі белсенділік пен оқырман қолдауы да назарға алынды. Дегенмен, жеңімпаздарды анықтаудағы соңғы шешімді әділқазылар алқасы қабылдады.
📩 Құрметті жеңімпаздар! Ұйымдастырушылармен байланысуыңызды сұраймыз. Сыйлықтарды табыстау және ұйымдастыру мәселелерін нақтылау үшін бізге Whatsapp арқылы хабарласыңыздар.
Барлық қатысушыға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер және қаламдарыңызға қуат тілейміз! 💙
Ақтау — арман қала, ал оның көркем келбетін сөзбен өрнектеген жас қаламгерлер — әдебиетіміздің жарқын болашағы!
«JAS QALAMGER» жобасы Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен және «Көмек командасы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
#JasQalamger #JasQalamgerChallenge #АқтауАрманҚала ЖасҚаламгер Маңғыстау ҚазақӘдебиеті ЧелленджҚорытындысы