22 қазан 2026
«JAS QALAMGER» жобасы аясында үш жас автордың кітабының тұсаукесері мен қорытынды әдеби кеші жоғары деңгейде өтті.
📚✨ СӨЗДЕН – КІТАПҚА, КІТАПТАН – ОҚЫРМАН ЖҮРЕГІНЕ!
22 қазан күні Ақтауда «JAS QALAMGER» жобасы аясында үш жас автордың кітабының тұсаукесері мен қорытынды әдеби кеші жоғары деңгейде өтті.
Әдеби кешке Маңғыстаудың зиялы қауым өкілдері, белгілі ақын-жазушылар мен әдебиет жанашырлары арнайы қонақ ретінде қатысып, жас қаламгерлерге қолдау білдірді. Кеш қонақтары қатарында Алтынбек Әлібай, Нұрсұлтан Есенғалиев, Әнуарбек Бимағанбет, Ерекен Қордабаев, Көмек Ыбыраев, Мәди-Асқар Қанжарұлы және Сұлтанбек аға болды.
📖 Кештің басты жаңалығы — үш жас қаламгердің кітабының тұсаукесері:
🔹 Жанарыс Әскербай — «Сағыныштың сарқыншағы»
🔹 Қалмұрат Мамырұлы — «Жан қалауы»
🔹 Нағима Нұрдаулетова — «Нақыш. Желкенді жырлар»
Іс-шара барысында авторлар шығармаларынан үзінділер оқылып, әдебиет пен жас қаламгерлердің шығармашылық жолы туралы ой-пікірлер айтылды. Арнайы қонақтардың қатысуы кештің мазмұнын байытып, аға буын мен жас қаламгерлер арасындағы әдеби сабақтастықты айқындай түсті.
Үш кітаптың жарық көруі — жас авторлардың шығармашылық ізденісінің маңызды нәтижесі әрі олардың оқырманға жасаған алғашқы үлкен қадамдарының бірі.
Кешке қатысып, жас қаламгерлерге ізгі тілегін білдірген ақын-жазушыларға, зиялы қауым өкілдеріне, кітапхана ұжымына және барша әдебиет жанашырларына алғыс білдіреміз! ❤️
Сөзден – шығармаға. Шығармадан – кітапқа. Кітаптан – оқырман жүрегіне!
Жоба Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен және «Көмек командасы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
#JasQalamger #ЖасҚаламгер #Маңғыстау #Ақтау #ҚазақӘдебиеті КітапТұсаукесері ЖасАвторлар