21 қазан 2026
📚 JAS QALAMGER: Кітап оқитын ұлт – рухани бай ұлт

«JAS QALAMGER» жобасының аясында Жанарыс Әскербай мен Анар Шамшадинова Маңғыстау телеарнасының «Кітап оқитын ұлт» жобасының подкасына қатысып, кітап оқу мәдениеті, әдебиеттің қоғамдағы орны және жас ұрпақ тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңызы туралы ой бөлісті.
Подкаст барысында кітаптың адам тұлғасын қалыптастырудағы рөлі, оқу мәдениетін дамыту және жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыру мәселелері сөз болды.
Кітап оқу – білім мен таным көкжиегін кеңейтудің, ойлау қабілетін дамытудың және рухани кемелденудің маңызды жолы. Ал әдебиетке жақын ұрпақтың қалыптасуы – қоғамның зияткерлік және мәдени дамуының негізі.
«JAS QALAMGER» жобасы жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
📖 Кітап оқитын ұрпақ – ел болашағының кепілі!
#JasQalamger #КітапОқитынҰлт #ЖасҚаламгер #Маңғыстау #КітапОқу Әдебиет