Жаңалықтарға оралу
23 тамыз 2026

АҚТАУДА «СӨЗ. САХНА. ШАБЫТ» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШІ ӨТЕДІ

Жас авторларды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында Ақтау қаласында «СӨЗ. САХНА. ШАБЫТ» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді.

АҚТАУДА «СӨЗ. САХНА. ШАБЫТ» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШІ ӨТЕДІ
Шығармашылық кеш Open Mic / Spoken Word форматында ұйымдастырылып, жас қаламгерлерге өз шығармаларын еркін сахнада ұсынуға мүмкіндік береді. Қатысушылар көрермен алдында авторлық өлең, проза, эссе, монолог және басқа да шығармаларын орындап, өз өнерін таныстырады. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас авторлар үшін еркін шығармашылық орта қалыптастыру, олардың сахна мәдениеті мен сөйлеу шеберлігін жетілдіру, әдебиетке қызығушылық танытатын жастардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Кеш бағдарламасында: жас авторлардың шығармашылық қойылымдары; Open Mic / Spoken Word форматындағы орындаулар; музыкалық нөмірлер; «Еркін микрофон» алаңы; сұрақ-жауап және шығармашылық пікір алмасу; жас қаламгерлермен танысу және еркін шығармашылық орта қарастырылған. Кештің модераторы – Шамшадинова Анар Амангелдіқызы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Жазушылар одағы филиалының төрайымы. Арнайы спикер – Ерекен Қорабаев, балалар жазушысы, сатирик ақын, сазгер, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, халықаралық «Алтын қалам» байқауының жүлдегері. Іс-шара «JAS QALAMGER» жобасы аясындағы жас авторларды шығармашылық тұрғыда қолдау және әдеби орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың жалғасы болып табылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат жас қаламгерлерге шығармаларын тек жазып қана қоймай, өз сөзін көпшілік алдында жеткізуге, оқырманмен тікелей байланыс орнатуға және автор ретінде өзін танытуға мүмкіндік береді. «Өз шығармаңды алып кел. Сахна сені күтеді!» 📅 25 тамыз 2026 жыл ⏰ 16:00 📍 Ақтау қаласы, 19А шағынауданы, Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапхана, Креативті зал Байланыс: +7 777 788 0898 Анықтама үшін: «СӨЗ. САХНА. ШАБЫТ» кеші – жас авторлардың шығармашылығын көпшілікке танытуға, сахнада өзін сынауға және әдеби ортадағы жаңа байланыстарды қалыптастыруға бағытталған шығармашылық алаң.